ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген мемлекеттік бақылаудың қорытындысын жариялады. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 446 тексеру жүргізіп, оның барысында 2 799 құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Тіркелген заң бұзушылықтардың басым бөлігі, яғни 2 340-ы еңбек қатынастары саласына тиесілі болса, еңбек қауіпсіздігі бойынша 433 және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша 26 жағдай тіркелген.
Тексеріс барысында республикадағы 153 кәсіпорында 1,2 мыңнан астам жұмыскердің алдында 719 млн теңгеден асатын жалақы берешегі бары белгілі болды. Осыған байланысты заңнаманы бұзған кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 1 630 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 187,4 млн теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды.
Министрлік тарапынан қабылданған жедел шаралардың, оның ішінде берешекті өтеудің нақты мерзімдері мен қатаң кестесін белгілеудің нәтижесінде қысқа мерзімде 859 жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 535,8 млн теңге көлеміндегі еңбекақысы төленді. Жалпы алғанда, атқарылған кешенді жұмыстардың қорытындысы бойынша елімізде 21,9 мың жұмыскердің еңбек құқығы заңды түрде қорғалды. Ведомство еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін алдағы уақытта да ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізді.
Тегтер #еңбек инспекторлары #берешек #жалақы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz