RU
Толық нұсқаға өту

Ақтау әуежайында асқазанына есірткі жасырған шетелдік ұсталды  

25.05.2026, 12:45 41

 Ақтау халықаралық әуежайында ҚР ҰҚК қызметкерлері 1 келіге жуық апиынды заңсыз өткізуге тырысқан шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды «24KZ».

Күдікті есірткіні дене қуысы арқылы алып өтпек болған. Тексеру барысында одан 114 герметикалық капсула тәркіленді.

Ресми мәліметке сәйкес, сәуір айынан бері құқық қорғау органдары есірткі трафигіне қатысты 9 халықаралық және 2 өңірлік арнаны жойған. Сондай-ақ бір фитозертхананың қызметі тоқтатылған.

Есірткі контрабандасы мен оны өткізу фактілері бойынша жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде 23 Қазақстан азаматы және 3 шетелдік азамат ұсталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz