Атырау облысында Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала мәлімет бойынша, Ерболат Иғали жүргізушісімен бірге жұмысқа бара жатқан қызметтік автокөлік жолда аударылып кеткен.
Апат салдарынан шенеунік оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші аман қалған.
Қайғылы жағдайды Атырау облысы әкімдігі растап, марқұмның туыстары мен жақындарына, сондай-ақ әріптестеріне көңіл айтты.
Ерболат Иғали 45 жаста болған. Артында бес баласы қалды.
Ол 2023 жылдың 30 қаңтарынан бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Атырау облысы #Қызылқоға ауданы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz