Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметі зардап шеккен ер адамның жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «24KZ».
1998 жылы туған азамат жансақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыр қосарланған жарақаттармен түскен.
Қазір науқасқа барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
Еске сала кетейік, оқиға бүгін таңертең Железин ауылы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау барысында Ан-2 ұшағы электр желілеріне соғылған.
Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тауып, екіншісі құтқарушылардың көмегімен шығарылған.
Зардап шеккен азамат аудандық ауруханадан Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілген болатын.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиға бойынша арнайы тергеу басталды. Оқиға орнына Көлік министрлігінің мамандары жіберілді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ұшақ апаты #Павлодар облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz