RU
Толық нұсқаға өту

Балалардың бұзақылығы апатқа әкеле жаздады

28.05.2026, 17:58 23

Абай облысында терек мамығы маусымы басталысымен, жасөспірімдердің отпен ойнаған қауіпті әрекеттері жиілеп кетті. Өткен түнде тұрғын үйлердің ауласында және жанармай құю бекетінің  іргесінде орналасқан автобус паркінің маңында екі бірдей ірі өрт оқиғасы орын ала жаздады. Бұл туралы оқиға куә болған қала тұрғындары  әлеуметтік желіге жариялаған, деп хабарлайды «24KZ».

Автобус паркі маңындағы өрттің куәгері болған жергілікті тұрғын күйеуімен бірге өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жауды құммен және өртсөндіргішпен өздігінен ауыздықтаған. Оның айтуынша, екі жасөспірім бір емес, үш рет әдейілеп от қойып, артынан қашып кеткен. Көпқабатты үйлер, автокөліктер мен жанармай бекеті тұрған аймақта бұл әрекет ондаған адамның өміріне қауіп төндірген. Куәгерлер бұл бұзақылықты камераға түсіріп үлгергенін және полицияның кінәлілерді тауып, жазалайтынына сенетінін жеткізді.

Осыған ұқсас келесі оқиға дәл сол күні кешке тұрғын үй ауласында қайталанған. Онда да беймәлім жастар терек мамығын өртеп, тұрғындарға қауіпті жағдай туғызған.

Полиция департаменті терек мамығын өртеудің соңы ауыр зардаптарға әкелетінін тағы да ескертті.

Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген. Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу “102” арнасына хабарлауға шақырады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz