RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы қаза тапты

29.05.2026, 11:45 83

Жамбыл облысында Жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Қайғылы оқиға Қордай аудандық полиция бөлімінде болған. Мәлімет бойынша, 1995 жылы туған инспектор казарма дәлізінде табельдік қарудан өзіне оқ атқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны ауыр халде орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің күш салуына қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz