Алматыда Әл-Фараби даңғылында болған, үш адамның қаза табуына әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша негізгі сот процесі басталды, деп хабарлайды «24KZ».
Сот отырысында қаза тапқандардың туыстары айыпталушы Александр Пакты кешіргендерін және оған ешқандай талап-арыздары жоқ екенін мәлімдеді. Қорғау тарапының айтуынша, жәбірленушілерге материалдық және моральдық шығын толық өтелген.
Қаза тапқандардың бірінің әпкесі де туыстары қатаң жаза талап етпейтінін растады. Сол сияқты мәлімдемені апат құрбандарының бірінің анасы да жасады.
Айыпталушының өзі сотта өз кінәсін толық мойындайтынын айтты.
Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында болған. Тергеу нұсқасы бойынша, Александр Пак Zeekr көлігін мас күйінде жүргізіп, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, полицияда қызметтік тексеріс жүргізуге себеп болды. Тексеру қорытындысы бойынша қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Тегтер #Алматы #ЖКО #сот #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz