Астананың Байқоныр ауданында, Тайбурыл көшесінде, бес қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бір бөлмесінде үй заттары тұтанды, деп хабарлайды «24KZ».
Құтқарушылардың мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ғимарат ішінен қою қара түтін шығып жатқан.
«Өртті барлау және сөндіру үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер су оқпарын беріп, өртті жедел оқшаулап, кейін толықтай сөндірді», – делінген хабарламада.
Тілсіз жалын 10 шаршы метр алаңда жылдам сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері келгенге дейін жатақхана тұрғындары өз бетінше сыртқа эвакуацияланған.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Тегтер #Астана #жатахана #өрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz