Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған атышулы жол-көлік оқиғасына қатысты сотта күтпеген бетбұрыс болды. Сұмдық апаттан қаза тапқан 22 жастағы бойжеткеннің анасы сот залында егіліп жылағанымен, артынша айыпталушымен татуласу туралы арызын оқып берді, деп хабарлайды «24KZ»
Ресми құжатта марқұмның анасы айыпталушының өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін, сондай-ақ отбасына материалдық және моральдық шығынды толық өтегенін көрсеткен. Осыған байланысты жәбірленуші тарап соттан оған бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ, анасы ешқандай шағымы жоқтығын айтып, бұған дейінгі қорғаушыларының қызметінен бас тартқан.
«Иә, арызды өз қолыммен жаздым. Біздің ешқандай талабымыз жоқ. Айыпталушы кінәсін мойындады. Қызымыз о дүниеде тыныш ұйықтасын деп өкілдерден бас тарттық. Апаттан қаза тапқан екінші жігіттің отбасымен бірге біз оны кешірдік», - деп мәлімдеді зардап шегуші ана.
Сот отырысында көлік апатынан көз жұмған 1996 жылғы Mercedes жүргізушісінің қарындасы да сөз алып, отбасы атынан айыпталушыға кешірім беретінін және оған шартты мерзім жазасын кесуді сұрайтынын жеткізді. Ал осы жол апатында қаза тапқан үшінші адам - 2005 жылғы Т.-ның жақындары бұл отырыста сөйлеген жоқ. Сот бұл тараптан жауап алуды бейсенбіге, 4 маусымға шегерді.
Тегтер #Әл Фараби #апат #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz