RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Ашық дереккөз

Прокуратура мәлімдеме жасады: Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тың ақпарат жарияланды

02.06.2026, 15:56 123

Атырау облысының прокуратурасы  Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның сараптама  нәтижелерін жариялап, оған қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды «24KZ» azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысына сәйкес, Ақбаян Мұқанғалиева  Алматы қаласында стационарлық кешенді психологиялық-психиатриялық сараптамадан өткен.  Мамандар, оған динамикалық бақылау жүргізу және қосымша диагностикалық тексерулерден өту ұсынылған.

Ақбаян Мұқанғалиеваның есімі Жангелдин ауылында төрт адамның өліміне қатысты сот процесі барысында бірнеше рет аталды. Ол осы іс бойынша айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы жұбайы және оның балаларының анасы.

Прокуратура мәліметінше, 2026 жылғы 27 сәуірде Мұқанғалиеваға қатысты адам өлтіру бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

Алайда оған қатысты тергеу толық аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша жеке іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық қудалау органы істі дұрыс шешу үшін қажетті барлық мән-жайларды жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған шараларды қабылдап жатыр. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады» , — деп хабарлады ведомство.

Прокуратураның мәліметінше,  Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекеттеріне әлі түпкілікті құқықтық баға берілген жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz