RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте 80 адамды сарышаян шақты

03.06.2026, 23:46 34

Аптап ыстықта Шымкентте 80 адамды сарышаян шағып, жартысы ауруханаға жатқызылды.

Ыстықта улы жәндік көбейіп, үйлерге кірген. Мамандардың айтуынша, сарышаян көлеңке мен ылғалды жерлерде тығылып жатады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармаған жөн. Шағып алған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгіну керек.

Мадина Ермаханбетова, Шымкент қаласы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Көбіне сарышаян ұйықтап жатқан кезде адамды шағады. Далада жерде жатпау керек деп, халыққа осындай нұсқамалық айтатын едік. Себебі ылғалды жерде жәндіктердің барлығы болуы мүмкін. Сол үшін 10-15 сантиметр биіктікте жатып, астымызға көрпешемізді төсеп, жерге жата салмауды бізде нұсқаулық ретінде беретін едік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz