RU
Толық нұсқаға өту
Фото: azh.kz

Сұлтан Сәрсемәлиевтің енесіне не істегені видеоға жазылып қалған

05.06.2026, 10:30 117

Атырау облысында  бір отбасындағы бірнеше адамның өліміне байланысты резонансты қылмыстық іс жалғасып жатыр. Басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев. Сотта Жангелдиндегі отбасы өліміне қатысты бейнежазбалар қаралды, деп хабарлайды «24KZ» azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті сот отырысында қаза тапқандар жерленген орыннан жүргізілген қазба жұмыстарының бейнежазбалары, айыпталушы алтын әшекейлерді өткізген ломбардтағы кадрлар және қылмыстан кейінгі оның жүріп-тұруына қатысты видеоматериалдар көрсетілді.

Көрсетілген жазбалардың бірі – қаза тапқандардың денелері табылған жердегі қазба жұмыстарының кадрлары болды. Видеода сарайдың едені ашылғаннан кейін тергеушілер топырақты қаза бастағаны көрінеді. Шамамен бір метр тереңдікте жер астынан Максот Қарабалиннің қолы шықты. Шұңқыр ішінен шығарылған соң ары қарай қазғанда әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның мүрдесі табылған.

Осыдан кейін Сұлтанның ломбардқа алтын өткізген видеосы қаралды. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, Сұлтан Сәрсемалиев екі алтын сақинаны өткізіп, ақша алған. Видеода бұйымдардың бағасы талқыланады: бір сақина шамамен 46 мың теңгеге, екіншісі шамамен 47 мың теңгеге бағаланған. Жалпы сома 100 мың теңгеге жуық болды.

Тергеу мәліметтерінде,  Сұлтан Сәрсемалиев  өз әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындаған, алайда бірқатар тармақтармен келіспейтінін білдірген.

Сараптама қорытындылары бойынша, күдікті қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғаны көрсетілген. Тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz