RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Хасен Ерімбетов

Түркістан облысында сот залында мұғалім өзіне пышақ салды

05.06.2026, 11:45 675

Түркістан облысы Ордабасы ауданында бірнеше ай бойы өз құқығын қорғап жүрген мұғалім Хасен Ерімбетов сот залында өзіне зақым келтірді, деп хабарлайды  «24KZ». 

Оқиға 3 маусым күні Ордабасы  аудандық сотында орын алған. 

Хасен  Ерімбетовтың білім беру саласында   24 жылдық еңбек өтілі бар. Педагогтың айтуынша, ол заңсыз жұмыстан босатылғанына байланысты мемлекеттік органдардан әділ шешім ала алмаған. Сот отырысында қаралған іс бойынша оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалғаннан кейін, мұғалім өз наразылығын білдіріп, өз-өзіне зақым келтірген.

«Мен Ордабасы  аудандық  сотынан әділдік іздеп келгем. Мені заңсыз жұмыстан шығарып жіберген.  Өзімді ақталып, бар нәрсені айтсам да мені 5 күнге қамап отыр», деді Хасен Ерімбетов. 

Қазіргі уақытта жағдайға қатысты ресми органдардың қосымша түсініктемесі нақтылануда.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz