Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде осы түні қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды «24KZ».
Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады.Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр,- делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қайтыс болған әйелдің осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны екені де анықталған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, соңғы уақытта ол жеке өміріндегі жағдайларға байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Алматы ПД #Наурызбай ауданыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz