RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында ток соққан 10 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

08.06.2026, 12:27 30

Қарағанды облысы, Долинка кентінде кәмелетке толмаған бала электр тогынан қатты зақым алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәлімет бойынша, бала 6000 вольт кернеуі бар электр беру желісінің металл тірегіне шығып кеткен. Соның салдарынан жасөспірім ауыр электр жарақатын алып, биіктіктен құлаған. Айта кетейік, аталған тірек балалар ойын алаңының маңында орналасқан.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Бала жансақтау бөлімінде жатыр, оған барлық қажетті емдік шаралар көрсетілуде, — деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 Тұрғындар электр беру желісі тірегінің балалар алаңына жақын орналасуына байланысты қауіпсіздік мәселесін көтеруде.

Аталған дерек бойынша дене жарақаты тіркеліп, материалдар қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін Қарағанды облысы бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жолданды — деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz