RU
Толық нұсқаға өту

15,3 млн теңге қарыз: Жамбыл облысындағы мекеме жұмысшыларға жалақы төлемеген

09.06.2026, 12:21 87

Байзақ ауданындағы ірі коммуналдық кәсіпорындардың бірінде заңбұзушылық анықталып, жұмысшылардың құқығы қорғалды, деп хабарлайды «24KZ».

Жамбыл облысы прокурорлары «Байзақ су» мекемесінің қаржылық қызметіндегі өрескел қателіктерді әшкереледі. Мекеме басшылығының қаржылық шығындарды негізсіз жоспарлауы салдарынан ағымдағы жылдың ақпан айында жұмысшылар айлықсыз қалған. Нақтырақ айтсақ, 90 қызметкердің алдында 15,3 млн теңгеге жуық қарыз жиналып қалған.

Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заңбұзушылықтар дереу жойылды. Қазіргі таңда жұмысшылардың жалақы бойынша берешегі толық көлемде өтелді. Ал бұл олқылыққа жол берген кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz