RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

09.06.2026, 21:09 196

Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды.

Тағы сегіз адам жарақат алып, Байғанин аудандық ауруханасына жатқызылды. Соққының қатты болғаны соншалық жеңіл көліктердің бірі сол мезетте өртеніп кеткен. Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Мамандандырылған көмек көрсету үшін облыс орталығынан санитарлық авиация бригадасы жіберілді. Жағдай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz