Қарағанды облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 28 және 37 жастағы екі адамды судан құтқарып қалды.
Балқаш көлінде жүзу тақтасымен жүрген оларды ағыс жағадан алысқа алып кеткен. Абырой болғанда, құтқарушылар жедел әрекет етіп, адамдарды жағалауға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.
Тегтер #Қарағанды облысы #адам құтқарылды #24KZ #ТЖМPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz