RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Ашық дереккөз

Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде жарылыс болып, бірнеше полицей жарақат алды

10.06.2026, 09:38 84

Алматы облысында өткен жоспарлы оқу-жаттығу барысында жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылып, бірнеше полиция қызметкері жарақат алды,деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға  9 маусым күні жоспарлы оқу-жаттығу барысында болған.  Жарақат алған қызметкерлерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта болған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

«Оқиға орнында болған бөлімше қызметкерлеріне уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомство әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған кейбір мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Атап айтқанда, көптеген жарылыс болғаны, сондай-ақ қызметкерлердің ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат расталмаған.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырып, жалған мәлімет таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы полициясының оқу-жаттығуы кезінде жаппай жарақат алу фактісі туралы хабарламалар тараған еді. Онда жарылғыш құрылғылар қызметкерлердің аяқ астында және олардың үстінде орналасқан басқа құрылғылардың жанында іске қосылғаны айтылған. Кейбір жазбаларда 15 полиция қызметкерінің жарақат алып, Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілгені туралы ақпарат жарияланған болатын. Алайда бұл мәліметтерге қатысты ресми органдар олардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz