Астанада кәмелетке толмаған балаға қатысты алаңдатарлық оқиға болды. Белгісіз ер адамның баланы күштеп қараусыз қалған аумаққа қарай сүйреп әкетпек болғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды «24KZ».
Астананың Алматы ауданында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаға қатысты құқыққа қарсы әрекет жасамақ болды деген күдікпен ер адамды ұстады. Оқиға 5 маусым күні №13 орта мектептің маңында болған.
Видеоны жариялаған адамның айтуынша, күдікті шамамен 9-11 жастағы баланы ұстап алып, күшпен ескі автодөңгелектер жатқан қараусыз қалған аулаға қарай сүйреп әкетпек болған. Абырой болғанда, өтіп бара жатқан тұрғындар жағдайды дер кезінде байқап, баланы бейтаныс адамның қолынан арашалап қалған және полиция шақырған.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда шошып қалған баланың өзі:
«Қысқасы, бір ағай мені ұрлап кетті», – дейді.
Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстады.
"Тексеру нәтижесі бойынша ер адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын және ер адамның әрекет ету себептерін анықтап жатыр.
Тегтер #Астана #ер адам #бала ұрлығы #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz