RU
Толық нұсқаға өту

Бауыры жаншылып, қолы сынған: Ақмола облысында 3 жасар баланы жылқы таптап кетті

10.06.2026, 14:44 607

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлайды «24KZ».

Қайғылы оқиға Талапкер ауылында болған. Бірнеше аттылы адам шағын ауылдың көшесімен «жарыс» ұйымдастырған. Салдарынан үш жасар бала аттың астында қалып, ауыр жарақат алды. Баланың ішкі ағзаларына зақым келгендіктен бірнеше операция жасалған.

Полиция бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz