RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Павлодарда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды

11.06.2026, 09:16 59

Павлодарда қолында пышағы бар ер адам медициналық жедел жәрдем бригадасына шабуыл жасап, реанимобилді талқандады, деп хабарлайды «24KZ».

Облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 10 маусым күні қаладағы үйлердің бірінің ауласында болған. Сағат 14:57-де жедел жәрдем пультіне көшеде белгісіз ер адамның жатқаны туралы тұрғыннан шақырту түскен.

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға көмек көрсетпек болғанда, ол агрессия танытып, бригадаға пышақпен қорқытып, тап берген. Белгісіз азамат жүргізушіні жұдырықпен ұрып, кейін реанимобиль салонына кіріп, дәрі-дәрмек салынған ампулаларды сындырған», – деді ведомство өкілдері.

Медицина қызметкерлері полицияға арыз жазды.

«Жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету немесе оны қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам ұсталып, мамандандырылған мекемеге қамалды», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz