Талдықорғандағы Жастар ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінде оқыс жағдай болды. Бір жас шамасындағы сәби көпқабатты үйдің 5-қабатынан құлап кеткен, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған бала дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп, қазіргі уақытта жағдайын бақылауда ұстап отыр. Бала аман.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнына куә болған тұрғындар жедел жәрдем шақырған.
«Бала қазіргі уақытта медициналық мекемеде жатыр. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады», — делінген Жетісу облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Талдықорған #бала құлады #Жетісу ПДPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz