Бүгін Жангелдин ауылының тұрғындары қатыгездікпен қаза тапқан ағалы-қарындасты еске алды, деп хабарлайды «24KZ».
Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында Наурыз Мұқанәлиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның жерленгеніне 100 күн толды. Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында бүкіл елді дүр сілкіндіріп, жағасын ұстатқан болатын.
Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері 2026 жылдың наурыз айының басында Атырау қаласы маңындағы Геолог ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған.
Бұған дейін олардың ата-анасының денелері туған ауылы Жангелдиндегі қораның еденінің астынан анықталған еді. Кейін бұл іс бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда. Басты күдікті ретінде марқұмдардың жездесі Сұлтан Сәрсемәлиев.
Тергеу мәліметінше, Сәрсемалиев шетелден Қазақстанға жеткізілгеннен кейін мәйіттердің жасырылған орнын көрсетіп, кінәсін мойындаған.
Ауыл тұрғындары мен марқұмдардың туыстары оларды еңбекқор, сабырлы әрі көпке сыйлы жандар ретінде еске алып отыр. Жерлеу рәсіміне ауыл халқының басым бөлігі қатысып, отбасыға қолдау көрсеткен.
Тегтер #Атырау обл #Сәрсемалиев #100 күндік #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz