Алматы қаласында 13 жасар жасөспірімнің өз құрдасын 9 жерден пышақтап өлтіргені туралы суыт хабар бүкіл елді дүр сілкіндірді. Бұл оқиға қоғамдағы балалар қылмысы мен оның жауапкершілігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов ұанды қанды оқиғаға қатысты пікір білдіріп, елдегі құқықтық жүйені өзгерту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, соққыға жығу және кісі өлтіру деректері соңғы жылдары жиілеп кеткен. Алайда, қылмыскерлердің жасы тым кіші болғандықтан, олардың көбі заң алдында жауап бермей, жазасыз қалып жатыр.
Осының бәрін ескере отырып, Қазақстан Халық партиясы 2024 жылы жауапқа тартылатын тұлғалардың жасын 14-тен 12 жасқа дейін төмендету қажеттігін мәлімдеген.
Мұндай қатаң шараға қоғамның бір бөлігі қарсы шығып, балаларға қатысты жазаны қатайтуды айыптауда. Алайда мәселенің екінші жағына назар аударуды керектігін айтты депутат.
Мұнда үстірт әрекет етуге болмайды, қазіргі ахуал тура 90-жылдарды еске түсіреді. Заң бұзушыларды аяп, жазаны жеңілдетуге әлі ерте, алдымен оны күшейту қажет. Қатаң жаза арқылы болса да елде тәртіп орнатуымыз керек. Қоғам соған бой үйретіп, дайын болғанда ғана жазаны жұмсартуды сөз етуге болады.
Иә, қоғамның ұстанымы екіге жарылды. Бірақ біз бірінші кезекте кімді ойлауымыз керек? Қылмыскерлердің құрбаны болып жатқандар да - дәл сондай балалар ғой, - деп кесті депутат.
Балалар арасындағы қатыгездіктің ушығуына Үкіметтің де салғырттығы да себеп болып отырғанын сынға алды. Қазіргі таңда - - Интернеттегі қауіпсіздік пен цифрлық гигиена мәселелері ақсап тұр. Ал кітап дүкендерінің сөрелерінде «криминалдық авторитеттер» мен қылмыстық топтарды дәріптейтін әдебиеттер еркін сатылуда.
Депутат Үкіметке жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу тетіктерін түбегейлі өзгертуді ұсынды:
- Білім беру ұйымдары тек білім берумен шектелмей, балалардың адамгершілік-этикалық тәрбиесіне және эмоционалды-психологиялық тұрақтылығына ерекше көңіл бөлу керек.
- Өңір басшылары тек экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, аймақтағы қылмыстық ахуалға да тікелей жауапты болуы тиіс.
Жасөспірімдер қылмысының тамырымен күресу үшін оның алдындағы оқиғаларға терең талдау жасау қажет. Мұнда баланың отбасындағы тәрбиесі, мектептегі мінез-құлқы, қоршаған ортасы және бос уақытында немен айналысатыны жіті тексерілуі керек.
Депутат бала тәрбиесіне, ең алдымен, ата-ана жауапты екенін жоққа шығармайды. Алайда, заңдық шекараны да ұмытпау қажеттігін ескертті.
Тегтер #Магеррам Магеррамов #ҚХП #кәмелетке толмағандар #қылмыс #24жаңалықтар #24KZЖасалған қылмыс үшін жауапкершілік жүгі қылмысты өзі жасамаған адамның иығына артылмауы тиіс, тіпті ол қылмысты өз балаң жасаса да. Сондықтан, баланың қылмысы үшін ата-ананың тек әкімшілік тұрғыдан жазаланғаны әділетті және олардың кінәсінің деңгейіне толықтай сәйкес келеді», - деп түйіндеді сөзін Магеррам Магеррамов.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz