RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Текеліде көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

15.06.2026, 10:28 63

Жетісу облысы Текелі қаласында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды «24KZ».

Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні қаладағы жекеменшік үйлердің бірінде болған. Жергілікті полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкені және әйелі күйеуін өлтіргені анықталды.  

Күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Қазір ол Талдықорғандағы тергеу изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу прокуратура келісімімен жүріп жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz