RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Астана – Орал бағытындағы пойызда жолаушы көз жұмды

15.06.2026, 15:40 71

№57 «Нұрлы жол – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 14 маусым күні болған. Жолда жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған.

Пойыз қызметкерлері бұл туралы дереу пойыз бастығына хабарлап, машинист арқылы жедел медициналық көмек шақырған. Дәрігерлер Курорт-Бурабай стансасында пойызға келіп, жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Жолаушының жұбайының айтуынша, ол жүрегіне жасалған операциядан кейін клиникадан қайтып келе жатқан. Медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, жолаушы есінен танып, сағат 00:30 шамасында оның қайтыс болғаны тіркелді», – деп мәлімдеді «Сары-Арқа Компани» ЖШС.

Компанияның мәліметінше, марқұмның денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Көкшетау стансасында пойыздан түсірілген. Оқиғаға байланысты пойыздың жүру кестесі 43 минутқа кешіктірілген.

Ал «Қазақстан темір жолы» компаниясы аталған жағдайға қатысты пікір білдіріп, пойыздың жекеменшік тасымалдаушыға тиесілі екенін хабарлады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz