Қызылорда қаласындағы «Арай» паркінде қайғылы жағдай орын алды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, аттракциондағы апат салдарынан бала ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылған. Орын алған оқиғаны қалалық прокуратура растады, деп хабарлайды «24KZ».
Қайғылы оқиға кеше түнде сағат 11:00 болған. 2007 жылы туған жасөспірім зардап шеккен. Қазір дәрігерлер баланың өмірі үшін күресіп жатыр.
Әлеуметтік желіде баланың жақындары мен еріктілер тұрғындарды қан тапсыруға шақырып жатыр.
«Баршаңыздан өтініш – көмектесіп, қан тапсырайық. Кез келген қан тобы жарайды. Қан Тұрғынбай Балғынбекке қажет», – делінген хабарламада.
Әзірге оқиғаның нақты мән-жайы туралы ресми ақпарат жоқ.
Сондай-ақ, баланың аяқ-қолдарының жұлынып кеткені немесе ауыр жарақат салдарынан ампутация жасалғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ, деді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Құзырлы органдардан қосымша мәлімет күтілуде.
Тегтер #Қызылорда #Аттракцион #зардап шекті #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz