RU
Толық нұсқаға өту

Бурабайға бет алған туристер мінген автобус апатқа ұшырады

15.06.2026, 20:26 44

Бурабайға бағыт алған туристер мінген автобус жол-көлік апатына ұшырады.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 11 адам жарақат алған. Оның ішінде 9 жолаушы автобус ішінде болса, 2 адам жеңіл көлікте болған. Зардап шеккендер дереу Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Жарақат алған 7 адам емханадан үйіне шығарылған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар өңірде жыл басынан бері жол ережесін бұзған 300-ге жуық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Данияр Аманжол, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Алдын ала мәліметтер бойынша автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan көлігімен соқтығысқан. Одан кейін ағашты басып өткен. Жол-көлік апаты бойынша тексеру жүргізілуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz