RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Алматыда алаяқтар зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеге алдап кеткен

16.06.2026, 16:10 44

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қарт адамдарға қатысты бірнеше интернет-алаяқтық қылмыстарын жасады деп күдіктелген азаматтардың әрекетіне тосқауыл қойылды. 

Қылмыстық топ мүшелері өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүліктерін сатуға және ақшалай қаражатты өздерінің бақылауындағы шоттарға аударуға көндіріп келген. Қазіргі уақытта келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асқаны белгілі болды, деп хабарлайды "24KZ". 

Жедел-іздестіру және тергеу амалдарының барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысушы күдіктілер анықталып, ұсталды. Олардың бұл әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша сараланып, соттың санкциясымен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Құқық қорғау органдары осы қылмыстық істің барлық мән-жайын ашу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тиісті іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz