Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтарға банк шоттарын тауып берумен айналысқан бес адам сотталды, деп хабарлайды «24KZ».
20-25 жас аралығындағы күдіктілер өткен жылдың шілде айында ұсталған. Тергеу барысында олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы бары анықталды.
Polisia.kz мәліметінше, шетелде отырған алаяқтар қазақстандықтарға ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және түрлі ұйымдардың атынан хабарласқан. Олар азаматтарды SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндіріп, кейін қаржыларына қауіп төніп тұрғанына сендірген. Содан соң жәбірленушілердің атына несие рәсімдетіп, қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аудартқан.
Алайда бұл шоттар қылмыстық топ пайдаланған дроптардың атына рәсімделген болып шықты. Ақша сол арқылы шетелге шығарылып отырған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, сотталған бес адам дроптарды іздеп тауып, оларды қылмыстық схемаға тартумен айналысқан. Ол үшін әрбір транзакциядан белгілі бір пайыз алып отырған.
Сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігі қанағаттандырылып, сотталғандарға келтірілген шығынды өтеу міндеттелді. Эпизодтардың бірінде келтірілген залал көлемі 22 млн теңгеден асқан.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ІІМ #Полиция KZ #СҚО #интернет алаяқтықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz