RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында құтқарушылар көлікте қысылып қалған жүргізушіні аман алып қалды

17.06.2026, 12:52 52

Алматы облысында құтқарушылар жол-көлік оқиғасына тап болып, темір құрсауда қалған жүргізушіні жедел түрде эвакуациялады, деп хабарлайды "24KZ". 

Бүгін, 17 маусымда, құтқару қызметінің «112» жедел нөміріне Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Шалқар ауылының маңында ірі жол апаты болғаны туралы ақпарат түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, тасжолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі салонда қысылып қалып, сыртқа өздігінен шыға алмаған.

Құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару құралдарын қолдана отырып, зардап шегушіні деформацияланған көліктен абайлап шығарды. Ол бірден оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жедел жәрдем медицина қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген ресми хабарламада.

ТЖМ мамандары жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz