RU
Толық нұсқаға өту
фото: Абай облысы ПД

Семейде кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетті

18.06.2026, 09:19 58

Абай облысының полициясы кәмелетке толмаған екі баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «24KZ». 

Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Манатұлы Укіртаев пен 8 жастағы Әлихан Дарханұлы Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті ауданында болған. Осыдан кейін олардың қайда кеткені белгісіз болып отыр. 

Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағдар беріліп, балалар болуы мүмкін орындар тексеріліп, үй-үйді аралау және іргелес аумақтарды қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Абай облысы Полиция департаменті қала тұрғындарынан іздестіруге көмектесуді сұрайды. Егер балалардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін мәліметтеріңіз болса, дереу **102** нөміріне немесе кәмелетке толмаған бателефонына хабарласуыңызды сұраймыз», - дейді тәртіп сақшылары.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz