Ақмола облысындағы «Көкшетау» ұлттық паркінің аумағында шыққан орман өрті толықтай сөндірілді, деп хабарлайды «24KZ».
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәліметінде, өрт 17 маусым күні сағат 15:59 шамасында ұлттық парктің Арықбалық филиалына қарасты Торғай орманшылығы аумағында тіркелген.
Мамандардың айтуынша, тілсіз жау жалпы 11,58 гектар жерді шарпыған. Оның 0,38 гектары орман алқабы болса, қалған 11,2 гектары ормансыз жайылымдық аумақты құрайды.
Өртті ауыздықтау жұмыстарына 24 адам мен 8 арнайы техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрт толық сөндіріліп, жағдай бақылауға алынған.
Ұлттық парк өкілдері тұрғындарды табиғат аясында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, болмашы салғырттықтың өзі табиғатқа елеулі зиян келтіруі мүмкін.
Тегтер #Ақмола обл #Көкшетау ұлттық паркі #өрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz