Астанада білім грантын алуға, сондай-ақ магистратура мен докторантураға түсуге көмектесемін деп алаяқтықпен айналысқан, деп хабарлайды «24KZ».
Елорда прокуратурасы қолдаған мемлекеттік айыптау ісіне сәйкес, сотталушы азаматтарға білім беру саласында жоғары лауазымды таныстары бар екенін айтып, оқуға түсу мәселесін 100 пайыз шешіп бере алатынына сендірген. Оның бұл уәдесіне сенген ата-аналар мен талапкерлер ірі көлемде ақшалай қаражат беріп отырған.
Қылмыстық схеманың ауқымы өте үлкен болған. Алаяқтың әрекетінен жалпы есеппен 111 азамат зардап шегіп, оларға келтірілген материалдық шығын көлемі 70 миллион теңгеге жуықтады. Оның үстіне, алданған жандардың басым бөлігіне бұл қаражат әлі күнге дейін қайтарылған жоқ.
Алайда, «көмекші» ешқандай қызмет көрсетпестен, жиналған қаражатты өз қажеттілігіне жаратып, қалтасына басқан.
Сот залында айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Бірақ келтірілген шығынның көлемі мен зардап шегушілердің көптігін ескерген сот оны 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Тегтер #білім гранты #алаяқтық #сот #прокуратура #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz