RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

БҚО-да сот-медициналық сарапшы 20 жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеген

18.06.2026, 15:50 64

Батыс Қазақстан облысында сот-медициналық сарапшының 20 жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ». 

Облыстық прокуратураның мәліметінше, тергеу деректеріне сәйкес, ол ұзақ жылдар бойы сот-медициналық сараптама саласында қызмет атқарып, ресми құжаттарда тиісті жоғары білімі бар маман ретінде көрсетілген. Алайда кейін жүргізілген тексеріс кезінде оның дипломының шынайылығы күмән тудырып, құжаттың қолдан жасалғаны анықталған.

Оқиға сот сараптамаларының біріндегі күмәнді қорытындыдан кейін ашылған. Қайтыс болған адамның денесі қайта қазылып, қосымша тексеру жүргізілген. Астанадан келген мамандардың қатысуымен жасалған комиссиялық сараптама бастапқы қорытындылармен сәйкес келмейтін мәліметтерді анықтаған.

Алғашқы сараптамада сарапшы мәйітте жарақат белгілері жоқ деп көрсетіп, өлім себебін анықтау мүмкін емес деген қорытынды жасаған. Бірақ кейінгі тексеріс барысында денеде тірі кезінде алынған көптеген жарақаттар, соның ішінде қабырғалардың және тіл асты сүйегінің сынуы анықталған.

Осыдан кейін алғашқы қорытынды тергеу органдарын жаңылыстырған деген күдік туындап, іс сотқа жеткен.

Сот үкімімен сот-медициналық сарапшы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 2 ай 12 күн мерзімге бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол сот шығындары мен жәбірленушілер қорының өтемақысына төлем жасауға міндеттелді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz