RU
Толық нұсқаға өту

«Өзім қашсам ұстатпас едім»: Сәрсемәлиев сотта бұрынғы әйелін кінәлады

19.06.2026, 14:31 90

Атырауда төрт адамның қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев оқиғаға байланысты пікір білдіріп, болған жағдай үшін бұрынғы жұбайын кінәлады, деп хабарлайды «24KZ».

Сот отырысында ол ұсталғанына қатысты өкініш білдіріп, егер жалғыз өзі болғанда қолға түспейтінін айтқан.

«Өзім қашсам ұстатпас едім, бұрынғы әйеліммен алысқа кете алмадым», – деген оның сөзі сотта жария етілді.

Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемәлиев бұрын Ақбаян Мұқанғалиевамен некеде болған. Кейін ажырасқанымен, олардың ортақ балалары бар. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс отбасылық жанжалдан кейін жасалған.

Сот барысында айыпталушы бірқатар сұрақтарға жауап беріп, кейбіріне жауап беруден бас тартқан. Тергеу кезінде түсірілген бейнежазбалардың бірінде ол өзін «маньяк емеспін» деп сипаттаған.

Сонымен қатар Сәрсемәлиев ауыр жазаға, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дайын екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, іс материалдары зерттелуде. Іс бойынша түпкілікті үкім әлі шыққан жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz