RU
Толық нұсқаға өту
Фото ЖИ көмегімен жақсартылды/ Видеодан алынған кадр

Алматыда әйел адам полиция көлігіне тас лақтырды

19.06.2026, 16:16 48

Алматыда әйел адам патрульдік полиция көлігіне тас лақтырып, құқық қорғау органдарының назарына ілікті, деп хабарлайды «24KZ».

Болған жағдай  видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Кадрлардан әйелдің қызметтік көлікке қарай тас лақтырып, кейін оқиға орнынан ізін суытпақ болған әрекеті  көрінеді. Алайда оны полиция қызметкерлері жедел түрде ұстап алған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйелдің жеке басы анықталып, оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, әйелдің әрекеті оғаш көрінген және оның нақты себебі анықталмаған. Осыған байланысты оқиға орнына оның психоэмоциялық жағдайын бағалау үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz