RU
Толық нұсқаға өту
Фото: inform.kz

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

19.06.2026, 16:41 64

Рудныйдағы ERG зауытында жұмысшы қаза тапты

Қостанай облысының Рудный қаласында орналасқан ERG Service ЖШС-нің жөндеу-механикалық металл прокаты зауытында өндірістік оқиға салдарынан жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды «24KZ».

«ERG Service» компаниясының мәліметінше, қайғылы жағдай 19 маусым күні кәсіпорынның электрболат балқыту цехында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, пеште жұмыс істеген шихташы қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан.

Кәсіпорын әкімшілігі оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға дереу хабарланғанын мәлімдеді. 

ERG Service компаниясы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, тергеу жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады.

 Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында арнайы тергеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz