Алматының Жетісу ауданындағы дәмханалардың бірінде өрт шығып, оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды, деп хабарлайды «24KZ».
ТЖМ мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар дереу барлау жұмыстарын жүргізіп, жалынды сөндіруге кіріскен.
Өртті сөндіру барысында мамандар қауіпті аймақтан үш газ баллонын алып шыққан. Бұл ықтимал жарылыстың және өрттің одан әрі таралуының алдын алуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары күшейтілген деңгей бойынша жалғасуда. Өртті сөндіруге бес өрт сөндіру оқпаны тартылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Тегтер #Алматы #өрт #ТЖМ #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz