Қарағанды қаласында белгісіз біреудің көлікті қасақана өртеп жіберуі салдарынан ірі өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».
halyqstan мәліметінше, оқиға Сортировка ықшамауданындағы Мануильский көшесінде орналасқан «Тұран» дүкенінің маңында болған. Бейнебақылау камераларына қара жамылғы киген ер адамның тұрақта тұрған Kia K5 көлігіне жанғыш сұйықтық шашып, өрт қойғаны түсіп қалған. Кейін ол оқиға орнынан ізін суытқан.
Көлік әп-сәтте отқа оранып, жалын жақын маңдағы киіз үйге, одан әрі азық-түлік дүкенінің шатырына тараған. Оқиға кезінде киіз үй ішінде дүкен иесінің қызы ұйықтап жатқан. Ол дер кезінде сыртқа шығып үлгергенімен, кейін өзін жайсыз сезінгенін айтқан.
Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт салдарынан автокөлік толықтай жанып, жалын киіз үй мен дүкеннің шатыр бөлігіне өткен. Өрттің жалпы аумағы 70 шаршы метрді құраған. Құтқарушылар дүкен ішінен үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерген.
Қазіргі уақытта өрттің нақты себебі анықталуда. Күдіктінің жеке басы әзірге белгісіз. Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар полицияға жолданады.
Тегтер #Қарағанды #көлік #өрт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz