RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астана маңында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

22.06.2026, 08:50 70

Ақмола облысында Астана – Қорғалжын тасжолында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған. Ауыр соққыдан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz