Түркістан облысының тәртіп сақшылары Кентау қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған мектеп бітіруші түлектердің автошеруін анықтады. Заңсыз шеру ұйымдастырғандардың көліктері айыптұраққа қойылды, деп хабардайды «24KZ».
Жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілер мен бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында қала көшелерінде заңсыз автошеру ұйымдастырылғанын тіркеген. Тексеріс нәтижесінде бір топ жастың жол қауіпсіздігіне
Тәртіп сақшылары жол ережесін белден басқан BMW, Mercedes-Benz, Toyota , Hyundai, Chevrolet және Changan маркалы автокөліктердің жүргізушілерін анықтап, жауапкершілікке тартты.
Аталған көлік иелері мен жолаушылары тарапынан бірнеше өрескел қателіктер тіркелген. Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамай терезеден шығып алу, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолда қауіпті жағдай туғызған.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері заң бұзған түлектермен және олардың ата-аналарымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қауіпсіздігінің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полицияның жедел әрекетінің арқасында қайғылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мүмкін болды. Жастардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол берілген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.
Тәртіп сақшылары барша азаматтарды, әсіресе жастар мен ата-аналарды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол үстіндегі қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Мерекелік көңіл-күйдің арты қайғылы жағдайға ұласпауы тиіс.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz