Әзербайжан жағалуында Каспий теңізіне ірі көлемде мұнай төгілді. Дюбенди жағажайы маңындағы теңіз акваториясында мұнаймен ластану анықталды, деп хабарлайды «24KZ».
Report таратқан мәліметте, Каспий теңізінде мұнай құбыры жарылып, суға мұнай жайылған. Пираллахы аралы мен Дюбенди кенті арасындағы аумақты тексеру үшін мамандар теңіз кемелері мен тікұшақты жұмылдырған. Мониторинг барысында теңіз бетінде мұнай дағы байқалған.
Қосымша тексеру нәтижесінде ластану көзі анықталды. SOCAR мәліметінше, мұнайдың төгілуіне «Азнефть» бірлестігінің қарамағындағы суасты мұнай құбырының зақымдануы себеп болған.
Ақау анықталғаннан кейін құбыр арқылы мұнай айдау бірден тоқтатылды. Мамандар құбырдың механикалық зақымданғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, зақымды өтіп бара жатқан кеменің зәкірі келтіруі мүмкін.
Қазір зақымдалған учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мамандар теңіздің ластанған бөлігін және жағалау аумағын тазарту жұмыстарын жүргізуде. Жағдай жедел штабтың бақылауында.
Тегтер #Каспий #Әзербайжан #жағалауы #мұнай жайылды #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz