Ингушетияда Сунжа өзеніне батып кеткен баланы іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Әлеуметтік желілерде оқиға барысын баяндап отырған белсенділердің бірі Джамалейл Аушев көпшіліктің көңіліне үміт ұялатқан жайттармен бөлісті, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға орнында болған куәгерлердің айтуынша, бірі су ішінен қолды көргенін айтса, енді бірі қолдың не аяқтың саусақтарын сезіп қалғандай болғанын жеткізді. Бірақ ұстап үлгермеген... Қазір сүңгуірлер мен ТЖМ мамандары осы аумақты мұқият зерттеп, белсенді жұмыс істеп жатыр», — деп жазды ол.
Алайда, жағдайдың ушығуына байланысты жедел штаб өкілдері Ингушетия мен өзге аймақ тұрғындарына ескерту жасады:
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде көптеген жалған фейк және расталмаған ақпараттар тарауда. Тек тексерілген ресми дереккөздерге ғана сеніңіздер.
Еріктілер алдарында тұрған міндеттің қаншалықты күрделі екенін түсінсе де, үміттерін үзбей, жақсылықтан дәмелі.
Жағдай, әрине, өте күрделі әрі ауыр, бірақ Солтүстік Кавказ халықтарының ауызбіршілігі мен моральдық тұрғыдағы бірлігі жоғары деңгейде екені көрініп тұр. Осындай күйзелісті сәтте де іздеу жұмыстары кезінде ешкімнің бір-біріне қатты сөйлегенін көрмедім. Әркім көмектесуге әзір. Адамдар күші мен денсаулығын аямай, суық суда, батпақта жүр. Әрине, біз жақсылықтан үміт үзбейміз, - деді Кабардин-Балқардан келген ерікті әрі блогер Ислам Ульбашев.
Қайғылы оқиға 15 маусым күні сағат 13:00 шамасында болған. Сол күні бала екі досымен бірге өзен жағасында серуендеп жүрген. Достарының бірі - Адам аяғы тайып, суға құлап кетеді. Хизир еш ойланбастан көмекке ұмтылып, досын құтқарып қалғанымен, өзі судан шыға алмай, екпінді ағыспен ағып кеткен.
Қазіргі уақытта бүкіл Солтүстік Кавказдан жиналған мыңдаған ерікті тәулік бойы аймақты шарлап, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, операцияға 500-ден астам адам тікелей жұмылдырылған, оның 426-сы - еріктілер. Табиғи апаттардың алдын алу және жою жөніндегі бірыңай мемлекеттік жүйеден 95 маман мен 8 техника бірлігі, ал Ресей ТЖМ-нен 51 құтқарушы мен 3 техника бірлігі тартылып, іздеу жұмыстары жалғасуда.
Тегтер #Ингушетия #сунжа #Хизир Дербичев #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz