Астанада автобус, пойыз және жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы елорда полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Жол көлік оқиғасы 20 маусым күні кешке АВРЗ ЖШС-ке тиесілі жеке теміржол өткелінде болған. Полиция мәліметінше, қоғамдық көлік жүргізушісі Тайбұрыл көшесіндегі өткелден өту кезінде келе жатқан локомотивке жол бермеген.
Соққы салдарынан автобус инерциямен Hyundai жеңіл автокөлігіне соғылған.
Жол апаты нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан темір жолы өкілдерінің айтуынша, бұл өткел күзетілмейтін және реттелмейтін болып саналады, әрі компанияның инфрақұрылымына кірмейді.
Тегтер #Астана #пойыз #автобус апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz