Жергілікті Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 4317 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңына көтеріліп, кейін өздігінен төмен түсе алмай қалған 2007 және 2008 жылы туған үш жасөспірімге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды "24KZ".
Алматы облысында таулы аймақтың күрделі бедері мен түн қараңғылығына қарамастан, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді құтқару бойынша сәтті операция жүргізілді. Дабыл түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен мамандар қауіпті жағдайға және қараңғы уақытқа қарамастан, жасөспірімдердің орналасқан жерін анықтап, олардың таудан қауіпсіз түсуін толықтай қамтамасыз етті.
ТЖМ қызметкерлерінің кәсіби іс-қимылының арқасында тура 3 сағат 22 минутқа созылған құтқару операциясы нәтижелі аяқталып, кәмелетке толмағандар экобекетке аман-есен жеткізілді.
Жасөспірімдердің денсаулығы тексеріліп, оларға ешқандай медициналық көмек қажет болмағаны анықталды.
Осы оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі барлық азаматтарды тауға шығуды жоспарлау кезінде аса мұқият болуға, өз мүмкіндіктерін нақты әрі дұрыс бағалауға және көтерілу алдында ауа райы жағдайын міндетті түрде ескеруге шақырады.
Тегтер #Алматы #тау #ТЖМ #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz