Елорданың Байқоңыр ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар тұрғындарды жедел эвакуациялады, деп хабарлайды "24KZ". Қайғылы жағдай Отырар көшесінде орналасқан 13 қабатты тұрғын үйде орын алған.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына жеткен сәтте, көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарындағы балкондардың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жаудың көрші пәтерлерге таралу қаупі жоғары болды.
ТЖМ мамандарының кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында ашық жалын қысқа уақыт ішінде ауыздықталды.
Өрт сөндірушілер түтін басқан қабаттардан тұрғындарды алып шығу үшін арнайы құтқару маскаларын қолданды. Жедел ұйымдастырылған құтқару жұмыстарының нәтижесінде 4 адам қауіпсіз жерге шығарылып 10 адам ТЖМ күштерімен ғимараттан эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Тегтер #өрт #Астана #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz