RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Көлікпен қуып, оқ атқан: Қырғызстанда 22 адам ұсталды

23.06.2026, 15:12 48


Қырғызстанның Тоқмақ қаласында жастар қатысқан жанжал соңы атыс пен көлік қууға жалғасып, 22 адам полицияның қолына түсті,  деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 22 маусым күні қаладағы «Гавайи» демалыс орталығының аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше топ арасында туындаған келіспеушілік жаппай төбелеске ұласқан. Кейін қатысушылар көліктеріне отырып, бір-бірін қуалай бастаған.

Куәгерлер қуу барысында оқ атылғанын және көліктерге тас лақтырылғанын айтқан. Салдарынан Mercedes-Benz Sprinter маркалы шағын автобусы зақымданып, терезелері мен айналары сынған.

Шу облыстық ішкі істер басқармасы аталған дерек бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тергеу барысында бес автокөлік тәркіленіп, оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 адам ұсталды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz