Алматы қаласында автобус басқарып келе жатқан жүргізуші қайтыс болды. Қайғылы оқиға Жетісу ауданында болған, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті ресми түрде растады. Департаменттің мәліметінше, қайғылы оқиға көлік көп жүретін жол учаскесінде болған. Автобус жүргізушісі кенеттен басқаруға ие бола алмай, жеңіл көліктермен соқтығысқан.
«131-автобустың жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан. Алдын ала дерек бойынша қозғалыс кезінде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап, салдарынан ол көлікті басқара алмай қалған. Өкінішке қарай, жүргізуші көз жұмды», делінген хабарламада.
Оқиға орнына төтенше қызметтер мен тергеу-жедел тобы келді. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол ер адамның нақты өлім себебін анықтауға бағытталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #жол апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz